Фахриддин Қаратаев: Келісіп пішкен тон келте болмас (ипподром дауы жөнінде)

Oinet.kz 29-01-2021 3586

OINET.KZ - Тұрғындар арасында үлкен резонанс тудырған үшінші мегаполистегі ипподромның «жыры» әлі бітпей тұр. Шаһардың тарихи әрі маңызды нысаны сүріліп, орнынан тұрғын үй орамының бой көтеруіне қарсылар да, қолдаушылар да ортақ келісімге келе алмауда. Осы мәселе төңірегінде Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаевтың пікірін білген едік.

Мәжіліс депутаты.jpg

– Бұл мәселенің ушығып тұрғаны билік тарапынан халыққа түсіндірме жұмыстарының әлсіздігінен деп ойлаймын. Президент Қ.Тоқаев «Тыңдайтын мемлекет» концепциясын ұсынып отыр. Яғни, қоғамның пікірі мемлекет үшін аса маңызды. Сол себепті бұл жобаның жай-жапсарының барлығын халыққа ашық түрде айтып, оның тиімділігін, пайдасын түсіндіру қажет. Қазір тұрғындардың көзі ашық, көкірегі ояу. Барлығын түсінеді. Енді ипподромға халық әбден үйреніп қалған ғой. Сондықтан ескіні бұзбастан бұрын, жаңасын салу керек. Сонда теріс пікірде жүргендердің көзқарасы өзгереді. Ауызша айтқанға қазір халық илана бермейді.

– Ипподромның орнына тұрғын үй кешенінің салынғаны дұрыс деп есептейсіз бе?

– Жобамен толық танысып көргенім жоқ. Егер тұрғын үймен қатар мектеп, балабақша, емхана секілді әлеуметтік нысандар да салынатын болса құптарлық іс екен. Байқағаным қала әкімі Мұрат Әйтенов тәп-тәуір жұмыс істеуде. Бұл бастаманың да оң-солын қарастырып жатқан болар. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, ауқымды жоба болғасын барлық тараптың пікірін тыңдап, ортақ шешімге келген жөн.

ЕСКЕРТУ: Материалдан үзінді алар болсаңыз, OINET.KZ сайтына сілтеме беруіңізді сұраймыз!

Алик Шпекбаев жақын арада жемқорлықты түбегейлі жоюдың жолын айтты
Білім министрі не үшін жекеменшік университеттерді жабу керектігін түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу