Айқын Қоңыров, депутат: Әр отбасыға 20 сотық жер берілсін!

Oinet.kz 03-02-2021 3774

Депутат Айқын Қоңыров әр отбасыға 20 сотық жер таратып берсе, елімізде кедейлік деңгейі төмендейтінін алға тартты. Ол қазақстандықтардың жағдайын жақсарту үшін жер телімімен қамтамасыз етуді ұсынды деп хабарлайды Oinet.kz.

Screenshot_7.jpg

Оның айтуынша, елімізде баспана алуға бағытталған бағдарламалар қарапайым халыққа тиімсіз. Аталмыш бағдарламалар кәсіпкерлерді байытып жатыр. Жобадан инвесторлар мен тұрғын үй компаниялары пайда көреді.

«Еліміздегі әр отбасыға 20 сотық жер беру арқылы көптеген мәселені шешуге болады. Себебі олар өз үйін салып қана қоймай, жеке шаруашылығын да жүргізе алады», - деді ол.

Шпекбаевтың қай сөзіне сенуге болады?
ҚазҰУ-ға жаңа ректор тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу