Қазақстан Президенті Димашты туған күнімен арнайы құттықтады

Oinet.kz 24-05-2021 2511

Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова танымал əнші Димаш Құдайбергенді қабылдап, туған күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

«Құрметті Димаш! 

Жас кезіңнен өнер жолын таңдап, үздіксіз еңбектің нəтижесінде үлкен белестерді бағындыра білдің. Алдымен республикалық, кейін халықаралық байқауларда дара шықтың. Əн арқылы ұлттық құндылықтарымызды дəріптеп, қазақтың тілін, қоңыр домбырасын, ізгі дəстүрлерін əлемге танытып келесің.

Алдағы уақытта еліміздің рухани-мəдени саласын өркендетуге мол үлес қосып, білімің мен кəсіби біліктілігіңді жетілдіре беретініңе сенім артамын.  Өзіңе денсаулық, жаңа табыстар тілеймін!» деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау хатында. 

Айта кетейік, бүгін әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген 27 жасқа толып отыр.

Түркияда тұратын Қарақат Әбілдина туған жерге оралды (фото)
Түркістанда пәтерді 1 айға жалдау бағасы 500 мың теңгеге шарықтаған (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу