Назарбаев Тоқаевқа билігін қай күні тапсыратыны белгілі болды

Oinet.kz 19-01-2022 2527

«Нұр Отан» партиясының съезі 28 қаңтарда онлайн форматта өтеді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter парақшасында жазды.

Screenshot_4.jpg

- «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавируске байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді, - деді Бауыржан Байбек. 

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавируске байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді.

Еске сала кетейік, кеше Тұңғыш Президент, "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа бейнеүндеу жасап, жақын арада төрағалығын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын айтқан болатын. Осы орайда Президент өзінің бірінші орынбасарын тағайындауы мүмкін. 

«Асқарды да бұрышқа тұрғызған кезіміз болған»: Мәсімов пен Мамин бір сыныпта оқыған
Тоқаев Қорғаныс министрін ауыстырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу