«Дүниежүзі түсіну үшін Президент сұхбатты орыс тілінде берді»

Oinet.kz 29-01-2022 2164

Ел президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты Қазақстандағы соңғы оқиғалардың әлем алдында өзектілігіне байланысты баршаға жеңіл болуы үшін орыс тілінде жүргізілгенін түсіндірді.

Screenshot_4.jpg

“Сұхбат дүние жүзіндегі аудиторияға арналған.Тақырыптың өзектілігіне және Қазақстанда болып жатқан оқиғалардың өзге елдердің назарында болуына байланысты мүмкіндігінше баршаға түсінікті етіп қамтуға тырыстық”,-деді хатшы.

Оның айтуынша қаңтар айында мемлкет басшысына ресейлік, америкалық, еуропалық БАҚ-тан сұхбатқа көптеген өтініштер түскен. Алайда уақыттың тығыздығына байланысты президент отандық “Хабар 24” арнасының тілшісімен сұхбат жүргізу жөн көрген.

“Келесі үлкен сұхбат отандық журналисттерге қазақ тілінде берілетіні сөзссіз”, - деді Берік Уәли.

«Өлгендер сөйлемейді»: Танымал заңгер Президентке өткір дат жолдады
Тоқаев қай кезге дейін Президент болатынын ашып айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу