Нұрғазы Бұхарбаев: Сайлау әділ болсын десек 50/50 дұрыс болар еді

Oinet.kz 18-02-2022 802


Сауалнама: 

1. Мәжіліс пен мәслихатты таратып жіберу керек деген пікірге не айтасыз? 

2. Жаңа депкорпус  қандай жүйемен жасақталуы тиіс?

Screenshot_4.jpg

Нұрғазы Бұхарбаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты: 

1.  Мәжіліс пен мәслихатты таратуға негіз жоқ. Себебі сайлау былтыр ғана өтті. Депутаттардың сайлану мерзімі аяқталған жоқ. Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін парламентті тарату – тиімді шешім емес. Мәселелерді терең зерттеп, жүйелеу керек.  

2. Менің пайымдауымша, мажоритарлы жүйе яғни жеке кандидаттардың сайлануының маңызы жоғары. Әділдік үшін 50 пайыз мажоритарлы,  50 пайыз пропорционал жүйемен депутаттар сайлауға түссе, дұрыс болар еді. Екі сайлау жүйесі де әлемдік практикада қоданыста. Сондықтан мынау әділ деп тап басып айту қиын. Демократиялық қоғам үшін халықтың үні маңызды. 

Көшіп кеткендер де, өлгендер де көбейген
Жанысбек Өтеген: Халық қазір партияларға сенуден қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу