«Бастығы сияқты»: Путин тек Назарбаевтан аяқ тартуы мүмкін

Oinet.kz 10-03-2022

РФ Президенті Владимир Путин аяқ тартса тек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан тартуы мүмкін. Бұл туралы саясаткер Самат Нұртаза жазды деп хабарлайды Oinet.kz.

Screenshot_5.jpg

"Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға баруы Түрік Әлемінің стратегиялық қадамы сияқты. 

Бір жағынан Ердоған Ресейге Түрік Әлемінің тұтастығын, сыйластығын көрсеткені. Екінші жағынан Назарбаев Путиннан жасы үлкен жалғыз басшы болды, қалған басшылар Путиннан жасы кіші. Яғни психологиялық тұрғыдан Путинның көзінде Назарбаев өзінің бастығы, Борис Ельцинмен замандас болған тұлға. Бұл әсер етеді. 

Көп жағдайда В.Путин 2000-2019 жж аралығында, Орта Азия мәселесінде, Назарбаевпен ақылдасқан сияқты. Сондықтан бұл шақырудың жария болуы, Түркияның Қазақстанмен ақылдасып жасаған қадамы болуы мүмкін. Қателесуім мүмкін, бірақ сондай ой келді", - деп жазды Самат Нұртаза Facebook парақшасында. 

Тоқмади Мәсімов туралы шындықты айтты
«Аймағамбетов орнын босатсын!» Министрге қарсы петиция пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу