4 миллионға жуық қазақстандықтың жалақысы артады - Ералы Тоғжанов

Oinet.kz 28-04-2022 3349

Үкімет қазақстандықтардың табысын арттыру бағдарламасын таныстырды. Премьер-минситрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, жобаны жүзеге асыру барысында 3,8 млн қазақстандықтың табысы артады. 

Screenshot_10.jpg

Оның ішінде мұғалімдер, дәрігерлер, ғалымдар мен бюджеттік саланың өзге қызметкерлерінен 850 мың қызметкердің жалақысы өседі. Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" қоры мердігерлерік ұйымдары қызметкерлері мен өндірістік жұмысшыларының жалақысын орта салалы деңгейге дейін жеткізу көзделіп отыр. 

Сонымен қатар мемлекеттен қолдау көріп отырған ірі компаниялар өз қызметкерлерінің табысын арттыруға міндеттеледі. Осыған байланысты 2,8 млн қазақстандықтың табысы артады.

Тоғжанов бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыру барысында 3,8 млн қазақстандықтың табысы жоғарылайтынын айтты. 

Ресей, Украинадан мигранттар көптеп келсе Қазақстан ұтады - Қошанов
Қазақ сыныбындағы оқушылардың саны өсіп жатқан жоқ - министр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу