2 жылдың ішінде төртінші басшы. Шымкент медицинасындағы шу енді басыла ма?

Oinet.kz 02-06-2022 896

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен  Нұрлыбек Асылбеков Шымкент  қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Screenshot_7.jpg

Басқарманың бұрынғы басшысы Бақытжан Позилов қызметінен осыдан бір жарым ай бұрын кеткен болатын. Ол мамандығы бойынша травматолог еді, ал жаңа басшы провизор болып шықты. Білетіндер  «Шымкенттің денсаулық сақтау саласының тізгінін бұрын-соңды провизор ұстап көрмеген еді» деп отыр. Апырай,ә мегаполистің медицинасы соңғы екі жылда онсыз да не көрмеді дейсіз?! 

Нұрлыбек Асылбеков  еңбек жолын 2000 жылы  Созақ ауданындағы  "Фармация" АҚ-да  провизор технолог әрі бас маман. 2000-2002 жылдары ОҚО әкімінің аппаратында бас маман болып қызмет атқарған. Осыдан кейін Н.Асылбековтың фармацевтикалық бақылау мекемелерінде ұзақ жылдық еңбьек жолы басталады. Фармацевтикалық бақылау комттетінің Оңтүстік Қазақстан, Алматы обылстарындағы департаменттеріне жетекшілік жасаған. Премьер-Министрдің кеңсесінде бас инспектор, Астана қалсындағы Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің басшысы болған. 2017 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарған. 2021 жылдан бастап Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған. 

Нұрлыбек Асылбеков өз алдына енші алып, республикалық маңызы бар қала атанған Шымкенттің медицинасына жетекшілік еткен бесінеші басшы. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының алғашқы басшысы Нұрлан Қасымов қызметінен 2019 жылдың қаңтарында кеткен болатын. Наурызда бұл орынға Асхан Байдувалиев келді. Ол басқарманың басшылығынан 2020 жылдың наурыз айында кетті. Кейінірек оның қазынаның қаржысын талан-таражға салды деген айып бойынша істі болғандығы айтылды. Бірақ бұл істің немен аяқталғандығы әлі белгісіз. 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов осыдан кейін денсаулық сақтау басқармасының басшылығына бір кезде өзімен бірге Президенттің іс басқармасында қызмет еткен Рүстем Албаевты алып келді. Алайда Албаевтың Шымкенттегі қызметі үш айға ғана созылды. Осы үш айда Шымкентте коронавирус індеті өршіп, мегаполистің медицинасы шатқаяқтап қалды. Сол үшін әкім Әйтенов Президенттен сөгіс алды.

Індет өршіп тұрған кезде қаланың бас дәрігерін қайта-қайта ауыстыра беру Әйтеновке де оңай соқпағаны айдан анық. Осыдан кейін қаланың бас дәрігерінің міндетін уақытша атқару біраз уақыт білікті дәрігер Тимурхан Варзиловқа тапсырылды. Бақытжан Позилов денсаулдық сақтау басқармасының басшысы болып 2020 жылдың қазанында тағайындалды. 

Қарап отырсаңыз, Мұрат Әйтенов әкім болған екі жыл ішінде мегаполистегі денсаулық сақтау басқармасында осыменен төртінші басшы жұмыс істеп жатыр. Жаңа басшы Шымкенттің денсаулық саласындағы ушығып тұрған айқай-шуды, дау-жанжалды азайта ала ма? 

Оқушы Путинді «сайтан» деп атады
Байқоңырда төпелеп жауған жаңбыр елді қуанышқа бөледі (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу