Оқушы Путинді «сайтан» деп атады

Oinet.kz 02-06-2022 1145

Украинадағы соғыстың үш айында Ресей армиясындағы адам шығыны 9 жыл соғысқан Ауғанстандағы адам шығынынан асып түседі. Мұндай мәліметті Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі таратты.

Screenshot_3.jpgАғылшын сарапшыларының ойынша, Ресейдің мұншама көп шығынға ұшырауына орыс армиясының нашар тактикаларды қолдануы, қателіктерден сабақ алмай, оны қайта-қайта қайталай беруі себеп. 

Британ барлаушыларының айтуынша, Ресейдің Украинада күтпеген зор шығынға ұшырауы халықтың таным-түсінігіне кері әсер етеді. Бұл қоғамдық наразылықтарға апарып соғады. Осы себепті Украинаның Қарулы күштері Ресей әскеріне шығын келтіруді, ал АҚШ пен батыс елдері Украинаға көмектесуді жалғастыра береді. Бұл  батыс Ресейді іштей ірітуді мақсат тұтып отырғанын байқатады.

Украинадағы соғысқа қарсылық Ресейде күн санап күшейіп келеді. Жақында Дағыстандағы мектептердің бірінде бітіруші түлек соңғы қоңырау салтанатты жиынында көпшіліктің алдында сөз алып, «Соғыс болмасын, Украинаға бостандық, Путин-сайтан» деп айтқан. 

Кейінірек түлектің аты-жөні Зухра Альбекова екендігі белгілі болды. Ол өзінің істеген ісіне өкінетіндігі жөнінде бейнеүндеу жолдаған. 

-Соңғы кездері мен емтихандарым үшін қатты алаңдап, соның салдарынан анаммен ұрысып қалдым. Мен қателігімді мойындаймын, мерекені бұзғаным үшін кешірім сұраймын,-деген Зухра. Сондай-ақ, қыздың анасы да халыққа бейнеүндеу жолдап, кешірім сұраған. Ол қызының ақылсыз, ойланбай істеген тірлігіне өкінетіндігін білдірді. 

Сарапшылардың айтуынша, Украина жерінде қаза тапқан Ресей солдаттарының саны бойынша бүгінде Дағыстан бірінші орында тұр. Алайда Украинада нақты қанша адамның қаза тапқаны туралы деректер әртүрлі. Ресей мен Украина тараптарының мәліметтері арасындағы айырмашылық жер мен көктей. 

Маусым айынан бастап қазақстандықтар жоғарылатылған зейнетақы алады
2 жылдың ішінде төртінші басшы. Шымкент медицинасындағы шу енді басыла ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу