«Доғарыңыз!» Ауыр операциядан шыққан жігітті әскерге күштеп әкетпек болған

Oinet.kz 21-06-2022

Соңғы кездері 18 жастан асқандарды жағдайына қарамай, күш қолданып, қолын қайырып армияға алып кету оқиғалары көбейіпті. Бұны көршілерімізден, басқа азаматтардан жиі еститін болдым. Бұндай қатыгездікке кім тапсырма берді? 

Screenshot_1.jpg

Денсаулығы жарамайтындарды да “годен” деп, армияға жіберіп жатыр. Былтыр сондай жағдайға тап болдық. Тіпті мені отадан шыққан бойда военкоматқа шақыртып, жағдайыма қарамай алып кетпекші болды. Сонда отан алдындағы борышты осылай орындатудан басқа шара жоқ па, қалай? 

Өткенде ғана солдаттардың өзіне қол салған жағдайларды естідік. Бұдан кейін әскерге кімнің барғысы келеді. Шақырусыз бас салып әкету деген сұмдық енді. Барудан бас тартқандарды “соттаймыз, әйтпесе пәлен миллион теңге айыппұл төлейсің” деп қорқытады. Сонда ақшасы барлар айыппұлын төлеп қалады, ал кедейдің баласы кетеді. Негізі әскерге кедейлер барады. Жағдайы барлар 40 күндік дайындықтан өтіп, әскери билеті мен шенін ала салады. Бұл - нағыз диктаторлық жүйе! 

Бұл мәселені қазір шешпесе, ертең сол балаларды отқа айдап саламыз. Бұл деген - мемлекеттің болашағын оққа тосумен бірдей әрекет, әскери қылмыс! 

Руслан Жақсылықов, бұны доғарыңыз!

Сүндет Сейітовтың Facebook парақшасынан

Дикий Арман Қаңтар қырғынында 200 мың теңгеден таратқан
Тоқаев Катарға қазақстандық өндірушінің аяқ киімін киіп барды (фото)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×