Қазақстанда дәрігерлерге 3 млн теңге беріледі

Oinet.kz 19-09-2022 2708

Елімізде дәрігерлерге арналған мемлекеттік және ведомстволық наградалар қарастырылып отыр. Бұл туралы Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

Screenshot_2.jpg

Оның айтуынша, заң жобасы аясында "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері" бағыты бойынша жылына 3 атақ беріледі. Бұл тұрғыда 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем ұсынылып отыр. Сондай-ақ саладағы үздің маман атты республикалық конкурстың 17 жеңімпазына 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем аударылады.

"Жыл сайын медицина қызметкерлерінің күнінде елімізде ең үздің дәрігерлер анықталады. "Үздің ауыл дәрігері", "Үздік жалпы практикадағы дәрігер", "Үздік хирург" және басқа да мамандарды анықтап келдік. Енді заң жүзінде үздік дәрігерлердің марапаты белгіленіп, оларға айлық есептік көрсеткіш арқылы сыйақы беріледі", - деді Ажар Ғиният.

Путин Қырғызстан мен Тәжікстан Президенттеріне соғысты тоқтатуды ұсынды
Генерал-майор әскерге бармай сыбыс тарататындарды сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу