4 баланы өсірген аналарға кемі 65 мың теңге зейнетақы беріледі - министр

Oinet.kz 27-09-2022

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында еліміздегі бар өмірін балаларына арнап, жұмыссыз болған аналардың зейнетақысының қалай белгіленетініне байланысты сауалға жауап берді. Сөзінше, мемлекет мұндай аналардың әр баласына 3 жылдық еңбек өтілі ретінде қарастырады.

Screenshot_7.jpg

Министр зейнетақы жинағы төмен аналарға бала санына қарай еңбек өтілі мерзімі берілетінін айтты.

“Егер ана өмірін баласына арнап, соған қараған болса, әр балаға 3 жылдан қосымша еңбек өтілі беріледі. Сондықтан ең кем дегенде мемлекет 4 бала дүниеге алып келген аналарға 12 жылдық еңбек өтілін сыйлаған. Сонда аналар ең кем дегенде 65 мың теңгеден жоғары зейнетақы алады”,- деді Тамара Дүйсенова.

Пәтеріне шетелдікті тұрғызған азаматтарға 91 890 теңге айыппұл салынады
Дәрменсізбіз: Министр жалға берілетін пәтер бағасын реттей алмайтынын айтты


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×