22 мыңнан аса шетел азаматына Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат беріледі

Oinet.kz 10-01-2023 396

image.png

Биыл шетелден жұмыс күшін тартуға бөлінген квота көлемі еліміздегі жұмыс күшінің 0,24 пайызын құрады. Жалпы саны 22,2 мың жұмысшы тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2023 жылы 4 санатта квота бөлінді: бірінші санат - 949 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат - 5 313 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).

Рұқсаттың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 10 818 және 2 100.

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 3 080 жұмыс күшін тарту жоспарланған.

Бұдан басқа, 2023 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарды тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санының 3,2% көлемінде белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге ШЖК тарту үшін 13,4 мың рұқсат берді және ұзартты, бұл - қайта бөлінген квотаның 63,5% (21,1 мың).

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 13 951 шетел азаматы жұмыс істейді.

2022 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарын тартуға 300 мың квота белгіленді.

Ал жергілікті атқарушы органдар 272 002 рұқсат берді.

Блогер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов өздеріне тағылған айыпты мойындамады
Қоғамдық орында балағат сөз айту фактісін қалай дәлелдеуге болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу