Қазақстанда ұн бағасы 35%-ға қымбаттады

Oinet.kz 11-01-2023 605

image.png

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жыл ішінде ұн 35,3%-ға, макарон өнімдері мен кеспе өнімдері 26%-ға, сүт 22,6 %-ға қымбаттады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жыл ішінде ұн 35,3%-ға, макарон өнімдері мен кеспе өнімдері 26%-ға, сүт 22,6 %-ға қымбаттады. 

Сондай-ақ, сары май бағасы – 20,6%, қант – 19,5%, құс еті – 19,4%-ға өсті.

Нан 18,6%, ірімшік пен сүзбе 17,2%, күріш 16,6%-ға және көк шай 13,6%-ға қымбаттады.

Ет өнімдеріне келсек: сиыр етінің бағасы – 8,3%-ға, жылқы еті – 6,2%-ға, қой еті – 1,4%-ға көтерілді. 

Еске салсақ, желтоқсанда Қазақстандағы жылдық инфляция 20,3 %-ға жеткен.

Қоғамдық орында балағат сөз айту фактісін қалай дәлелдеуге болады
Енді Елбасы емес: Конституциялық сот Назарбаев туралы заңның күшін жойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу