Ажар Ғиният бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің үстінен полицияға арыз жазды

Oinet.kz 24-01-2023 562

image.png

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің үстінен полицияға арыз жазды. Бұл жөнінде лауазымды қызметін теріс пайдаланғаны үшін бес жылға шартты жаза алған экс-министр Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Біртанов бұл туралы сот отырысында білгенін айтады. Сөзінше, Ажар Ғиният Біртанов пен Әбішевті қорғап, петицияға қол қоймағанын айтып, полицияға арыз жазған. Алайда Біртанов сотта зерттеу жүргізілген петиция қағазынан Ажар Ғинияттың қолын көргенін атап өткен.

Біртанов сондай-ақ өздерінің таң қалып, сот пен министрлік өкілінен денсаулық сақтау министрінің өздеріне қатысты нақты ұстанымы қандай екенін сұрағанын айтады.

"Министр ханым медицина қызметкері, жеке тұлға және еліміздің азаматы ретінде өзінің жеке ұстанымын ашық айтып, бұл мәселеге нүкте қоя алатын еді. Бірақ Әбішевтің сайттағы қолтаңбасын бұрмалап жіберді деп күдіктенген Ғиният ханым бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысуы керек деп шешкен секілді", - деп жазады Біртанов.

Ол Олжас Әбішевті полицияға жауап алуға шақырғанын және бұл өтініштерінің қалалық сотта қаралып жатқан уақытта болғанын жеткізген. Сондай-ақ Елжан Біртанов бұл әрекетті Әбішевке жасалған қылмысты жалғастыру үшін жасалып жатқанына сенімді.

Олжас Әбішевтің өзі Ажар Ғинияттың арызы бойынша өзін полиция жауап алуға шақырғанын растады.

"Маған полициядан телефон соғып, қазіргі Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ханым қазір өтіп жатқан сотта айтылған материалдар бойынша үстімнен шағым түсіргенін айтты. Бұл мені таң қалдырғаны рас, себебі материалдардың барлығы ашық көздерден алынды, бұл инсайдерлік ақпарат емес", - дейді Әбішевтің өзі.

Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі: ҚР Ұлттық мұражайы директорының бұрынғы орынбасары ұсталды
Белгілі сазгер Арман Дүйсенов өмірден озды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу