Жамбыл облысында нәрестені сатып жіберген дәрігерлерге байланысты жаңа деректер шықты

Oinet.kz 25-01-2023 1085

image.png

Тергеу шаралары барысында Жамбыл облысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 миллион теңгеге сатып жібергені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандар саудасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сәбиді сатып алушымен 1,5 миллион теңгеге келіскен Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі акушері уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ал баланы сатып алушыға қатысты қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Нәресте Тараз қаласының сәбилер үйіне орналастырылды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Еске салсақ, Тараздағы қалалық көпсалалы ауруханада екі медицина қызметкері жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан деген күдікке ілінгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Елімізде қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәртебесін мұғалімдер мен дәрігерлерге теңестіру ұсынылды
Қазақстанда телефон терроризмі ауыр қылмыс санатына жатқызылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу