Тоқаев Назарбаевты мәртебесінен айыру туралы заңға қол қойды

Oinet.kz 15-02-2023 591

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше мәртебесінен айырды.

Screenshot_3.jpg

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", - деп мәлімдеді Ақорда сәрсенбіде.

Еске салайық, бұған дейін Конституциялық сот "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заңның күші жойылды деп тануға жатады деген шешім шығарған еді. Нәтижесінде 13 қаңтарда мәжіліс пен сенат парламенттің бірлескен отырысында Назарбаевты ерекше мәртебеден айыруды екі оқылымда мақұлдады. Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров кейінірек парламент отырысында түсіндіргендей, Назарбаев қарапайым азаматқа тән емес артықшылықтарға ие болды.

Перуашев Назарбаев үшін жыламағанын, басқа себеппен жылағанын айтты
Облыс әкімі халыққа күніне қалай 90 мың теңге табуға болатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу