Ғабидолла Әбдірахымов: «Хәммәсі яхшы болады!»

Oinet.kz 10-06-2019 946

Screenshot_3.jpg

Испиджаб ауылының тұрғындары пошта бөлімшесіндегі жағдайдың талапқа сай еместігіне наразы. «Зейнетақы алуға барғанда күннің ыстық-суығына қарамай жауын-шашында да көше бойлай кезекке тұрамыз. Кезек күтуге ыңғайлы жайы бар пошта ғимаратын салып берсеңіздер, алғысымыз шексіз болар еді»,- дейді олар. Аудан әкімі Ғ.Исмилов болса, Испиджабта ғана емес, жалпы Қаратау ауданына қарасты елді мекендердің 70 пайызында пошта жұмысы толық реттелмегендігін алға тартты. Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов мәселені тез арада шешуді тапсырды.  

50-60 мың тұрғынға қызмет ететін Сайрам ауруханасында емделіп жатқан ардагер Қуаныш Әбдірахманов ондағы жағдайдың сын көтермейтіндігін айтты. «Науқастар жататын жай жетіспейді, тар. Мүмкін болса, емханаға басқа жерден жай салынса, емделушілерге де ыңғайлы болар еді», - дейді ардагер.

Жалпы, Қаратау ауданының әкімі Ғалым Исмаиловтың жылдық есеп беру шарасына жиылған жұрттың мәселесі  жоғарда айтылған мәселелермен ғана шектеліп қалған жоқ. Оның бәрін тізбектеуді газет беті көтере бермейді. Талап-тілегі көп тұрғындарды сабырға шақырған қала басшысы «Айтылған сын-пікірлеріңізден қорытынды шығарамыз. Бірақ мәселенің бәрі бірден шешіледі деп айтпаймын. Бірте-бірте реттеледі.  Су да, жол да, газ да болады» деп жұбатты. Тіпті облыстық өзбек драма театрының төрінде отырып, «Хәммәсі яхшы болады!» деп жұртты еріксіз жымитты...

Мұрағаттан, 2016 ж

ОҚО-дан «құрама командаға» кімдер ілігеді?
Құрманбекова даудан құтылу үшін депутат атанбақ па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу