ЖСДП Смайыловтың кандидатурасына қарсылық білдірді

Oinet.kz 30-03-2023 369

Без имени-1.jpg

Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты тағайындауға келісім берді. Осылайша «Тоқаевтың сынына көп іліккен Смайылов премьерліке қайта тағайындалмайды»деген сарапшылардың пікір теріске шықты. 

Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысы кандидатурасын талқылағаннан кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Смайылов Әлихан Асханұлын тағайындауға келісім берілсін» деген қаулы жобасына дауыс берді. Дауыс беру барысында жалпы отырысқа қатысқан 97 депутаттың 82-сі оның кандидатурасын қолдады. 7 депутат қарсы шығып, 8 депутат қалыс қалды.

Дауыс беру барысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Мәжілістегі фракциясы Смайыловтың кандидатурасына қарсылық білдірген. 

-Парламенттік оппозиция ретінде біз қарсымыз,-деген партияның өкілі Нұрлан Әуесбаев. 


«Ескі» төраға «ескі» премьердің кандидатурасын ұсынды
Ғабидолла Әбдірахымов шуға қатысты алғаш рет пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу