Нұржігітов Президенттің тапсырмасын бірінші болып орындады

Oinet.kz 10-05-2023 385

Screenshot_3.png

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековпен бірге облыс орталығының бірқатар көшелерін аралады. Бұл туралы Жамбыл обюлысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Аймақ басшысы жеке сектордағы кейбір үйлердің кәріз суының арыққа ағуына, балалар тіс ауруханасының ауласын реттеу, көгалдандыруға қатысты мәселелерге назар аударды.

Сондай-ақ, Қазыбек би көшесіндегі жеке бизнес нысандарының айналасын абаттандыру бойынша өз жауапкершіліктері болу керектігін ескертті.

Өзге де бірқатар кемшіліктер бойынша облыс басшысы қала әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.

Нұржан Нұржігітов Тараз қаласы – облыстың айнасы болу керектігін атап өтіп, абаттандыру, тазалық секілді мәселелерді шаһар тұрғындары мен кәсіпкерлері де жете түсінуі – аса маңызды екенін баса айтты.

Аймақ басшысының қаланы аралаулары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Айта кетері, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен, министрлермен өткізген кеңес барысында:

-Әкімдер өз қалалары мен елді мекендерін жаяу аралап жағдайды көру керек,-деген болатын.   


Мирзияев мерзімінен бұрын президент сайлауын тағайындады
«Еліктеу және фанатизм»: Тәжікстан президенті қажылыққа баратындарды сынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу