Ордендер біртуар перзенттердің атымен аталады

Oinet.kz 17-06-2023 479

bd9220515ae6a02d401f9e9862dfc40f.jpg

Алдағы Республика күнінде «Ел бірлігі» мемлекеттік наградасының алғашқы иегерлері белгілі болады. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз мемлекеттік наградалар жүйесін де осы тәсілмен өзгертуіміз керек. Көптеген мемлекеттің орден-медальдарына көрнекті тұлғалардың есімі берілген. Мұндай қадамдар отаншылдық рухты асқақтату үшін қажет. Сондай-ақ, тарихта өшпес із қалдырған әйгілі адамдардың есімін ұрпақ санасына сіңіру үшін керек. Мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіру кезінде бұл тәжірибені байыппен пайдаланған жөн. Қолданыстағы кейбір ордендерді халқымыздың біртуар перзенттерінің есімімен атау мәселесін ойластыру қажет. Мысалы, Бейбарыс Сұлтан және басқа да тарихи тұлғалар атындағы орденнің иегері атану кім-кімге де зор мәртебе болар еді. Мен бұған дейін «Ел бірлігі» атты жаңа мемлекеттік награда әзірлеп, бекітуді тапсырдым. Алдағы Республика күнінде бұл марапат алғаш рет тапсырылады», - деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы келешекте тарихи тұлғалардың атыман аталатын ордендер пайда болатынын айтты.

«Келесі жылғы Республика күнінде тарихи тұлғалардың атымен аталған ордендерді табыстаймыз. Жыл соңына дейін осы мәселені мұқият сараптап, нақты ұсыныс енгізу қажет. Президент Әкімшілігі бұл жұмысты құзырлы мемлекеттік органдармен, ғалымдармен және сарапшылармен бірге атқарады», - деді Президент.


Рашид Аюповты Шөкеев пен Әбдірахымовқа қарсы куәлік беруге мәжбүрлеген бе?
«Қазақстан барысы» басшыларына қатысты тінту шаралары жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу