Шүменовке іздеу жарияланды

Oinet.kz 24-07-2023 422

2554906_0_0_4288_2413_1920x0_80_0_0_462730af5193612fd81718c1d15be701.jpg

Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы  дерекке қарағанда, Бейбіт Шүменовке 22 шілдеде еліміздің Ішкі істер министрлігінің бастамасымен Астана қаласының Есіл аудандық полиция басқармасы іздеу жариялаған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде және бірқатар БАҚ-та Астанадағы ірі сауда, ойын-сауық орталықтарының біріндегі фут-кортта жанжал болғанын жазған едік. Кейінірек қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген азаматтың кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев бокстан бұрынғы әлем чемпионы Б.Шүменовтің сауда орталықтарының бірінде ер адаммен төбелескенін растады.


Мақсұт Исахов 2 айға қамауға алынды
Әкім Әйтенов қызметінен кетпейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу