Шымкентте педофилге химиялық піштіру жазасы кесілді

Oinet.kz 29-07-2019 1141

Screenshot_2.jpg

Фото: Vera.kz

Шымкент қаласының соты екі жеткіншек қызды зорламақ болған ер адамға химиялық кастрациялау және 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті деп хабарлайды қаладағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың баспасөз қызметі.

39 жастағы Шымкент тұрғыны ҚР Қылмыстық Кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 121-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Оған химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылатын болды.

Қылмыстық фактіні тіркеген іс-қағаздағы деректерге сүйенсек, сотталушы 2019 жылдың 2 мамырында күндізгі сағат 12.30 шамасында Гагарин көшесінде 9 жасар қызды кездестірген.

"Ол қызға күшік көрсетемін деп алдаған. Сөйтіп ол қызды ескі отжақпаға ертіп апарған. Оған күш қолданып, өлтіремін деп қорқытқан. Үстіндегі киімін шешуді талап еткен. Бірақ қаскөй сасқалақтап, жеткіншектің қолын жіберіп алған. Сол кезде қыз зып беріп, сыртқа атып шығып, қаша жөнелген. Ол осылайша арам ойын жүзеге асыра алмапты. Бірақ 3 айдан соң тура осы көшеде 12 жасарды қызды кездестірген ол, сол бұрынғы амалмен оны да қолға түсірмек болады. Адам аз жүретін жерге апарып, қызды зорламақ болғанда, ол айғайға басқан. Мұны көшедегілер естіп, жеткіншекті айуанның қолынан жұлып алады. Ал педофиді ұстап алып, полицияға тапсырған" - деді соттағылар.

Кейін белгілі болғандай, сотталушы алдында 2003 жылы зорлау ісіне байланысты істі болып, 10 жыл түрмеге отырып шыққан екен.

Министр Маңғыстаудың бас дәрігері отпускте жүргені үшін ашуланды
Теміржол билеттерін қайта сататын делдалдар жазаланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу