Самат Әбіш Түркияда тұрып жатыр

Oinet.kz 24-08-2023

photo_385783.jpeg Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш Түркияда тұрып жатыр.  Бұл туралы DALA INSIDE телеграмканалы хабарлады.
Самат Әбіштің  түрік жерінен тұрақ табуына президент Ердоған мен түріктің Ұлттық барлау қызметі (Milli İstihbarat Teşkilatı, MIT) рұқсат берген.
-Саматтың Түркиядан өзге барар жер, басар тауы жоқ десек, қателескен боламыз.
Назарбаевтың немере інісі Әмірліктерден, соның ішінде Дубайдан жылжымайтын мүліктің бірнешеуін алып тастаған. Тықыр таяғанын сезсе, әлгі жаққа қас пен көздің арасында тайып тұрады.
«Үш әріп» басшылығы Әбіштің қайда тұрып жатқанын білмейді емес. Біздегі инсайд бойынша ҰҚК мен MIT Әбішке қатысты ортақ ұйғарымға келген, ұдайы ақпарат алмасып отырады. Ал «әулеттің шипасы бітті...» деуге әлі ерте. Отыз жыл бойы әлемнің түкпір-түкпіріндегі ықпалды тұлғалармен тығыз контакті орнатқан Назарбаев кланы Жаңа Қазақстаннан ығар емес,-деп жазған аталған канал.


Сапалы ветеринария-уақыт талабы
Жаңа оқу жылы 25 мамырда аяқталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу