Сыздықбеков алғашқы ауыс-түйістерді жасады

Oinet.kz 17-09-2023 378

Opera-Снимок_2018-09-03_182041_www.instagram.com_.png 

Шымкент қаласының әкімі қызметіне жуырда тағайындалған Ғабит Сыздықбеков алғашқы кадрлық ауыс-түйістерді жасады. prokadrykz телеграм каналында жарияланған мәліметтерге қарағанда, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов өз еркімен қызметінен босатылған. Оның орынбасары Мөлдір Кеуенова басқарма басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне Дастан Баширов тағайындалды.     


Белгілі продюсер Сержан Молдасанұлы Түркістанда жаңа қызметке кірісті
«Алаяқтардың 80 пайызы – намазхандар»: Зайытов бұлай деуінің себебін түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу