Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасына басшы тағайындалды

Oinet.kz 20-11-2023 565

f0495d2b7ef1cdcae18463a5e3322490_1280x720.jpeg 

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Бахтияр Әлтайұлы Өнербаев Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Бахтияр Әлтайұлы 1967 жылғы 9 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылында туған.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Мамандығы – химия, құқықтану.
Еңбек жолын 1989 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеті органикалық емес химия кафедрасының аға препараторы болып бастаған.
1990-2012 жылдары жеке секторда, Алматы қаласы жекешелендіру Комитеті, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Президенттің Іс басқармасында, Жоғарғы Сотта және Парламент Сенатының Аппаратында жауапты басшылық қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары, 2016-2020 жылдары Алматы облысы Текелі қаласының әкімі, 2020 жылы Алматы облысы әкімінің Астана қаласындағы кеңесшісі қызметтерін атқарды.
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


Аман Төлеев қайтыс болды
Бағдат Мусин негізсіз анықтама сұрайтындарды жауапқа тартуды сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу