Шетелден триллион теңгеге жуық активтер елге қайтарылды-Бас прокуратура

Oinet.kz 13-01-2024 256

2020_11_15_13ff9c27ac71da1cea59389ae71b1298-big.jpg 

Елімізден заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысы нақты юрисдикциялармен шектелмейді. Бұл туралы Бас прокуратурадан мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Бүгінгі таңда шамамен триллион теңгеге, оның шетелден 589 млн долларға (БАӘ-ден 15 млн, Лихтенштейннен 260 млн, Австриядан 82 млн, Гонконгтан 2 млн доллар және т.б.) заңсыз сатып алынған активтер мемлекетке қайтарылды. Ақша қаражатынан бөлек ірі кәсіпорындардың акциялары мен үлестері, кеңсе ғимараттары, мейрамханалар, бизнес орталықтары, таңдаулы жер учаскелері, базарлар, темір жолдар, қымбат зергерлік бұйымдар және басқалары қайтарылып отыр», - делінген Бас прокуратураның агенттік сауалына берген жауабында.

Ведомствоның мәліметінше, активтерді қайтару жұмысында қандай да бір жоспарлы көрсеткіш пен шектеулер жоқ. Активтерді қайтару географиясы өте кең. 

«Активтердің Мэн аралы, Британдық Виргин аралдары, Мальта, Кипр, Сейшель сынды оффшорлық юрисдицияларға шығарылғаны туралы мәліметтер бар. Заңсыз шығарылған активтер кез келген елде болуы ықтимал. Сондықтан да активтерді қайтару жұмысы нақты юрисдикциялармен шектелмейді», - деп атап өтеді Бас прокуратурадан.

 


Түркістанда «Базардағы кітапхана» идеясы іске асты
Заманбекке ескерткіш орнатылып, көше атауы беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу