Алматыдағы жер сілкінісі 5 баллды құрады--ТЖМ

Oinet.kz 23-01-2024 232

 Screenshot_7.png

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында Алматыдағы түнгі жер сілкінісінің алдын ала мәліметтерін айтты.

«Сейсмологиялық бақылаулар мен зертетулер ұлттық орталығының дерегі бойынша, 23 қаңтар түнгі сағат 0.09-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасы мен Қырғыз Республикасы шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Таңғы сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 3 елеулі сейсмикалық жағдай тіркелген. Алматы қаласындағы максималды сезілуі — 5 балл, Шымкент қаласында, Жамбыл облысында 2-3 балл, Жетісу облысында болды. Алдын ала мәлімет бойынша бүлінген ғимараттар мен құрылыстар болған жоқ», — деді Сырым Шәріпханов.

Еске салайық, бүгін, қаңтардың 23-інен 34-іне қараған түні Алматыда бірнеше толқынмен жер сілкінді.

Ресми мәлімет бойынша алғашқы дүмпудің амплитудасы 5 баллға дейін жеткен. Салдарынан үрей бой алдырған тұрғындардың бір бөлігі қаланы тастап шығуға бекінген. Мұның арты көлік кептелісіне ұласып, жанармай бекеттерінде кезек пайда болған.

Халық арасындағы байбаламды пайдаланып такси бағасын бірнеше есе көтеріп жіберу фактілері де тіркелді.  Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан түнгі жер сілкінісі Алматы мен Шымкенттен бөлек, Астанада және Қазақстанның 5 облысында сезілген.

Жер сілкінісі кезінде Алматы қаласында көптеген адам зардап шекті, бір тұрғынның жағдайы ауыр. Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген.

 


Мешіт ғимаратына зақым келген жоқ-Шымкент қалалық әкімдігі
Түркістан облысында аудан, қалалардың рейтингісі белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу