Түркістанда екі баласын өлтірген келіншек үлгілі мұғалім болған

Oinet.kz 09-02-2024 263

image.png

Түркістан қаласында болған екі баланың өліміне күдікті деп танылған азаматша ешқандай диспансерлік есепте тұрмаған. Ұжым, ата-ана және оқушылармен қарым-қатынасы бірқалыпты болған.

Оқиға 7 ақпанда Түркістан қаласында болған. Жалдамалы пәтерлердің бірінен екі сәбидің денесі табылды.

Оған Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұратын азаматша, балалардың анасы күдікті деп танылды. Ол Шымкен қаласындағы қонақ үйдің бірінен ұсталды.

Кейбір дерек көздерінде азаматшаның мұғалім болып қызмет атқарғаны айтылды.

Бұл деректі Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов растады.

«Түркістан қаласында болған балалар өліміне қатысты күдікті деп танылған азаматша Шиелі ауданындағы білім беру ұйымында 2014 жылдан бері мұғалім қызметін атқарып келген. Оқиға болған 7 ақпан күні мектеп әкімшілігіне ескертпестен жұмысқа бармаған. Мектеп әкімшілігі ол азаматшаның ұжым, ата-аналар және оқушылармен тіл табысуы, жайлы мінезімен ерекшеленгенін айтады. Сондай-ақ педагогикалық қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеуде бірқатар жетістікке жеткен. Тиісті алғыс хаттармен марапатталған. Әріптестерінің айтуынша, мінезінде ешқандай ауытқу болмаған. Қандай да бір диспансерлік есепте тұрмайды. Өзі толыққанды отбасы, ата-енесі, жұбайымен бірге тұрған. Қазір ішкі істер органдарында бұл бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қорытындысы тергеу амалдарынан кейін белгілі болады», — деді басқарма басшысы. 

Қазақстанда орташа жалақы 16 пайызға өсіп, 400 мың теңгеге жақындады
Депутат директоры парамен ұсталған өңірдің білім басшысын жауапқа тартуды ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу