Баласын аяусыз тепкілеген азамат қамауға алынды

Oinet.kz 22-02-2024 207

Screenshot_1.png 

Балаларға қатысты жасалған құқыққа қарсы әрекет бойынша Сайрам ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ересек адамның жерде жылап жатқан баласын бірнеше мәрте аяусыз тепкенін көруге болады. Ал қасында жылап жатқан кішкентай қызына назар аудармайды. Аталған жағдайға қатысты ресми пікір білдірген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді.

«Жасөспірім балаларға қатысты жасалған құқыққа қарсы әрекет бойынша Сайрам ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Істің тергелуі Түркістан облысы ПД бастығының жеке бақылауында. Жалған ақпарат таратқанға заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескерте отырып азаматтардан тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұраймыз» - делінген ведомство ақпаратында.

 


Дос Көшім: Тоқаевтың тыйымы демократия ережесіне қайшы келеді
Тасмағамбетов пен Нұртілеу не үшін кездесті?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу