Түркістанда қызы мен ұлын өлтірген әйелдің соты өтіп жатыр

Oinet.kz 22-05-2024 345

 664cd745b3e48413190859.jpg

Түркістанда 3 жастағы қызы мен 4 жастағы ұлын өлтірді деген күдікке ілінген қызылордалық келіншекке қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 24KZ телеарнасына сілтеме жасап. 
Сотталушы 30 жастағы Бота Хамитова биыл ақпан айында Шымкент қаласындағы қонақ үйде ұсталған еді. Ол Қызылода облысы, Шиелі ауданында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. 

“Түнгі сағат он бірлер шамасында ойын сауық орталығына балаларын апарған әйел, бірер сағаттан соң сол маңдағы жалдамалы пәтерге келеді. Алдымен балаларын ұйықтатып, кейін қызын және ұлын кезекпен дәлізге шығарып, тұншықтырған. Сөйтіп, түнгі бірде балаларды өлтіріп, өзіне де қол салмақ болады. Алайда, ойынан айнып, таңертең Шымкентке шығып кетеді”, – делінген сот актісінде.  

Айыпталушы қылмысты күйеуі көңіл бөлмегесін, жоспарлап жасағанын айтқан екен.

Ал, оның адвокаты есі дұрыс адам балаларын өлтірмейді деп психиатриялық сараптама тағайындауды сұрады. 

 


8,5 жылға сотталған Исаховты арандатты ма?
Шөкеевтің туыстары Дубайдан 8 пәтер сатып алған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу