Шымкент қаласы әкімдігінің 26 қызметкері жауапкершілікке тартылды

Oinet.kz 24-05-2024 371

2020_03_20_crop-7_5_372x496_image-20-03-20-12-48.jpeg 

Шымкент қаласы әкімдігінің 26 қызметкері тәртіптік жаупкершілікке тартылды. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады.

--Талдау барысында Шымкент қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың сот жосықсыз деп таныған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізбеу фактілерін анықтады. Бұл оларға конкурстарға еркін қатысуға және тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы келісімдер жасасуға мүмкіндік берді. Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес Тізілімге 29 жосықсыз өнім беруші енгізілді. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімі аппаратының 26 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды,-делінген прокуратураның таратқан мәліметінде.

 


Шөкеевтің туыстары Дубайдан 8 пәтер сатып алған
Маусымда төрт өңірде құрғақшылық болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу