Шымкентте соңғы жылдары тырысқақ ауруы тіркелмеген

Oinet.kz 30-05-2024 210

 3.jpg 

Шымкентте соңғы жылдары тырысқақ жұқпасы тіркелмеген. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  – Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова мәлім етті.  

Аталған аурудың таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыштар. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады. Вибрион ас қорыту органдарына түсе салысымен сұйық, ауырсындырмайтын, жиі іш өтуге, жалпы уланумен тоқтаусыз құсуға әкелетін экзотоксин бөледі.  Адам өзінен көп көлемде сұйықтық жоғалта бастайды, нәтижесінде ағза сусызданып, адам өліп кетуі де мүмкін. Тырысқақтың жасырын мерзімі қысқа – 1 күннен 5 күнге дейін.

А. Тұрымбетова: «Ауру таралуының негізгі себебі қауіпсіз судың тапшылығы немесе жоқтығы, санитариялық құралдардың болмауы, бұған қоса, қоршаған ортаның нашар жағдайы, жеке бас гигиенасының сақталмауынан болады. Ауырған науқастарды және осы ауруға күдікті науқастарды оқшаулап, дәрігерге дер кезінде көрсетіп, тағайындаған емін алу керек. Үй жағдайында амбулаториялық емделген кезде жеке бастың тазалығын қатаң сақтап, қоршаған ортаны ластамауға, көпшілікке жұқтырмаудың амалдарын қарастыру керек. Әр ауырған науқас өз бетінше емделуден аулақ болуы керек! Тек, дәрігер ғана дұрыс диагноз қояды, емдеу жолын қарастырып, емдеуді тағайындайды және қолайсыз жағдай тудырмаудың жолын біледі.

Тырысқақпен ауырғандарды тез арада оқшаулап, ауруханада емдейді!» дей келе, аурудан сақтанудың, оның алдын алудың жолдарын айтты:

Жеке бас тазалығының ережелерін сақтау, ас дайындауда – өңдеу, тасымалдау мен сақтау ережелерін орындау, тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін қолды өте мұқият тазартып жуу;

Тұрғылықты жерлердің, үй маңын  таза ұстау;

Тез бұзылатын кондитерлік өнімдерді, әр түрлі салаттарды, дайындалған ыстық тағамдарды, азық-түліктерді тоңазытқышта дұрыс сақтау, жеміс-жидектерді пайдалану алдында тазартып жуу және қайнаған сумен шаю, шыбындарды жою;

Шыбындарды жою;

Ашық су орындарында шомылғанда еріксіз суды жұтып, жанасу арқылы ауру жұқтыру қаупі жоғары, сондықтан рұқсат етілген шомылатын орындарда шомылған жөн.

Алдын алу іс-шараларын сақтағанда ғана адам өзін және жақындарын тырысқақтан қорғай алатынын ескертеміз!


Инфекциялық аурулардан сақ болыңыздар!
Прокуратура Көкірекбаевқа шығарылған үкіммен келіспейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу