Полковникке тапсырыс берген кім?

Oinet.kz 20-08-2025 60

images.jpg

Бұған дейін Шымкент қаласы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Құрманбек Саховтың өте қымбат элиталық тұрғын үйде тұратыны, қымбат шетелдік көліктерді тізгіндейтіні туралы ақпарат әлеуметтік желі арқылы таратылған болатын. Шетелде тұратын оппозициялық журналист жетекшілік ететін «Бәсе» деп аталатын  канал полковникке тиесілі деген үйдің видеосын да жариялады.

Дрон арқылы әуеден түсірілген видеода расында да екі қабатты хан сарайындай үй көрсетіледі. Тұрғын үйдің ауласында қымбат шетелдік  көліктер. Қарапайым полиция полковнигі жалғыз  жалақысымен өзіне мұншалықты бақ-дәулетті жасай алмайтыны айтпаса да түсінікті ғой. Күдікті, күмәнді нәрсе көп.

 Алайда жуырда Шымкент қаласы Полиция департаменті осыған қатысты мәлімдеме жасады: «Шымкент қаласы Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасымен жан-жақты қызметтік тексеру жүргізді. Бейнежазбада көрсетілген үй аталған қызметкерге тиесілі емес және ешқашан тиесілі болмағаны анықталды. Мұндай жалған ақпараттың таралуы полиция қызметкерінің беделін түсіруге және ішкі істер органдарына деген сенімге нұқсан келтіруге бағытталған саналы әрекет болып табылады.

Аталған жайтқа қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы қатаң бақылауда, кінәлі тұлғалар заңға сәйкес толық көлемде жазаланады. Полиция полковнигі Қ. Сахов 25 жылдан астам ішкі істер органдарында қызмет етіп, қатардағы қызметкерден Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД және Түркістан облысы ПД бөлімшелерінің басшысына дейінгі жолдан өтті. Қызмет еткен жылдары өзін тек оң жағынан көрсете білді, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған»,– делінген мәлімдемеде.

Егер солай болса, Құрманбек Саховтың беделін түсіру кімге қажет болды? Шетелде тұратын оппозициялық журналистке ме?



 

 

 


Бас сәулетшіге жарымаған—Шымкент
Ернар Жиембай 9 жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу