Мұрат Нұртілеу отставкіге кетті
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Нұртілеуді Қазақстанның сыртқы істер министрі қызметінен босатты. Министрлікке Мұрат Нұртілеудің орнына Ермек Көшербаев келді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін, 26 қыркүйек күні Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу ҚР президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды», деп хабарлады Ақорда.
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Нұртілеу кәсіби біліктілігі мен президентке адалдығының арқасында мемлекеттік қызметте тез көтерілді. 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев ел басшылығына келген соң оны өз көмекшісі етіп тағайындады. «Қаңтар оқиғасынан» кейін Кәрім Мәсімов отставкаға кеткен соң Нұртілеу ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болды.
2023 жылғы 1 ақпанда ол Президент Әкімшілігінің басшысы болып, ішкі саясат пен кадрлық мәселелерді қадағалады. Сол жылдың көктемінде вице-премьер әрі сыртқы істер министрі болып, Мұхтар Тілеубердінің орнына келді.
Соңғы жылдары Мұрат Нұртілеу негізгі сыртқы саясат бастамаларына жетекшілік етіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық келіссөздеріне қатысып жүрді. 2024 жылғы ақпанда премьер-министр Әлихан Смайылов болмаған кезде ол уақытша Үкімет басшысы міндетін атқарып, мемлекеттік иерархиядағы салмағын көрсетті.
Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.
Бірнеше жылдар бойы СІМ-де лауазымды қызмет атқарды.
2022-2023 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болды.
2023 жылғы 3 сәуірден бүгінге дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып қызмет етті.