Атырауда Яна Легкодимованы өлтірген екі қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Oinet.kz 17-11-2025 56

Атырау облысында судья Зарема Хамидуллина 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтірген Ризуан Қайыржанов пен оның сыбайласы Алтынбек Кәтімовті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Screenshot_10.jpgПрокуратура мен марқұмның анасы да оларды өмір бойына соттауды талап еткен. Тергеу мен сот процесі қоғамда үлкен резонанс туғызды: әлеуметтік желілерде әділ жазаны талап ететін жазбалар көбейіп, қала тұрғындары сот отырыстарына қатысып, істі бақылаған.

Сот Қайыржанов пен Алтынбекті келесі баптар бойынша кінәлі деп таныды:

ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігінің 7 және 8-тармақтары — «Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған және жалданып жасалған адам өлтіру»;

202-бап, 2-бөлігінің 6-тармағы — «Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған өзгенің мүлкін қасақана жою».

Екеуі де ерекше режимдегі мекемеге өмір бойына жіберілді. Сонымен қатар, азаматтық талап бойынша әр күдіктіден 15 миллион теңге өндіріліп, жәбірленушіге берілетін болды.

Еске сала кетейік, Ризуан Қайыржанов — Легкодимованың бұрынғы жігіті. Олар Атырау мұнай және газ университетінде оқып жүргенде танысқан, бірақ қарым-қатынасы жасырын болған. Кейін Яна Ризуанның басқа қызы бар екенін білгенде олардың арасында жанжал туындаған. Қайыржанов Легкодимованы өлтіруді жоспарлап, танысы Кәтімовті көндірген. Оған 500 мың теңге ұсынған.

Іс материалдарына сәйкес, олар бірнеше нұсқаны талқылап, ақыры Янаны буындырып өлтіріп, денесін Жайыққа тастаған. Тергеудің маңызды деректерінің бірі — Легкодимованың өлімінен бұрын жазған күнделігі. Ондағы жазбалар оқиғаның қалай болғанын анықтауға көмектескен.

Жоғалғанына сегіз ай өткен соң, биыл 20 маусымда Жайық жағалауынан адам сүйектері табылды, сараптама олардың Янанікі екенін растаған. Қыздың сүйегі анасына беріліп, Батыс Қазақстан облысында жерленді. Өлімнің нақты себебін анықтау мүмкін болмады. Себебі марқұм көз жұмғаннан кейін де көп жарақат алған. 

ҰҚК арнайы операция жүргізді: 12 қазақстандық және 3 шетелдік қамауға алынды
Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу