Жаңа Конституцияда қарулы қақтығыстарды насихаттауға тыйым салу ұсынылды

Oinet.kz 03-02-2026

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында соғыс қана емес, қарулы қақтығыстарды насихаттауға да тыйым салу нормасын енгізу ұсынылды. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев мәлімдеді деп жазады Оinet.kz.

image.png

Оның айтуынша, қазіргі халықаралық тәжірибеде «соғыс» ұғымының орнына жиі «қарулы қақтығыс» термині қолданылып жүр. Осыған байланысты құқықтық нормаларды заман талабына сай нақтылау қажет.

Соғысты насихаттауға тыйым салумен қатар, «қарулы қақтығыс» ұғымы да енгізілді. Себебі бүгінгі әлемде классикалық соғыс ұғымын қарулы қақтығыс термині алмастырып отыр, — деді Артур Ластаев.

Жаңа Конституция жобасы 31 қаңтарда жарияланды. Құжатта мемлекеттік басқару жүйесі, адам құқықтары мен бостандықтары, билік тармақтарының өкілеттігіне қатысты бірқатар маңызды өзгеріс ұсынылған.

Конституциялық реформаның түпкілікті нұсқасы жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданады. Ел азаматтары жаңа Ата заң жобасына дауыс беру арқылы оның тағдырын шешпек.

«Мансұрды бермеңіздер»: Шешен оппозиционерінің ағасы қазақстандықтарға үндеу жасады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу