«Ордабасыны» сатып алады деген бизнесменнің аты аталды

Oinet.kz 04-02-2026

images (1).jpg 

Телеграмдағы «Серый кардинал» каналы шымкенттік «Ордабасы» клубын сатып алуы мүмкін деген бизнесменнің аты-жөнін жариялады.

-- «Ордабасы» футбол клубының жаңа иесі ретінде Integra Construction компаниясының құрылтайшысы Шахмұрат Мұтәліп аталады. Бұл ақпарат екі-үш апта бұрын-ақ белгілі бола бастаған. Нанидің Ақтөбеге сапары кезінде жарияланған инсайдта да осы мәселе тұспалдап айтылған еді. Бүгін Dop телеграм-арнасы бұл мәліметті ресми түрде растады. Шахмұрат Мұтәліп пен белгілі кәсіпкер Нұрлан Артықбаевтың қызмет жолында ұқсастық көп. Екеуі де құрылыс саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар, олар еліміздегі ірі металлургиялық кәсіпорындар — ERG+Kazzinc пен Kazakhmys компанияларын бақылауға алған немесе алуды жоспарлап отыр. Тағы бір назар аударарлық жайт — инфрақұрылымдық жобалардағы ұқсастық. Артықбаевқа тиесілі компания Шымкентте стадион салуды қолға алса, Мұтәліптің компаниясы Ақтөбеде спорт нысанын тұрғызумен айналысуда. Сарапшылардың пікірінше, жаңа басшылықтың келуімен «Ордабасы» трансферлік нарықта белсенділік танытуы мүмкін. Команда құрамын бір-екі жұлдызды ойыншымен толықтыру ықтималдығы жоғары. Сонымен қатар, 2023 жылғы Қазақстан чемпионы атанған клубтың жаңа акционерлері заманауи футбол академиясын салуды да жоспарлауы мүмкін,--деп жазған канал.

Дегенмен «Ордабасының» сатылғаны, оның сатып алған азамат туралы әзірге ешқандай ресми ақпарат жоқ.


Түркістан облысында полицияның салғырттығы адам өліміне әкеліп соққан
Депутат көріпкелдер де салық төлеуі тиіс екенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу