Шетелге бала сатқан жоқ. Экс-депутат Сара Назарбаева туралы пікір білдірді

Oinet.kz 14-02-2026

Қазақстан Республикасының бұрынғы мәжіліс депутат Бақыт Сыздықова инстаграм парақшасында Сара Назарбаеваны 85 жылдық мерейтойымен құттықтап, жүрекжарды жазба арнады, деп жазады Оinet.kz тілшісі.

image.png

"Бүгін мен ерекше құрметтеп, шын жүректен қадірлейтін жан — Сара Алпысқызы Назарбаева 85 жасқа толып отыр. Мен оны өзімнің Ұстазым деп санаймын. Алты жыл бойы бірге қызмет етіп, күн сайын оның Қазақстан балалары үшін қаншама игі іс атқарғанына куә болдым. Ол ешқандай дабырасыз, артық жарнамасыз, тыныш қана, шынайы ниетпен жасалған жақсылықтар еді",- деп жазды ол.

  Бақыт Сыздықова сондай-ақ "Назарбаева сәбилерді шетелге сатты" деген айыптаулардың негізсіз екенін алға тартты. 

"Кейде ойлаймын, бәлкім, сол атқарылған жұмыстарды көбірек жариялап отыру керек пе еді деп. Сонда бүгін «балаларды органдарға сатты» деген секілді негізсіз әңгімелер айтылмас па еді. Адамдардың заңды білмей жатып, түрлі жалған ақпарат тарата салатыны қынжылтады",- деген ол  бала асырап алу мәселесімен  "Бөбек" қоры айналыспағанын мәлімдеді.  

«Мысалы, егер бала асырап алуға қатысты болса, онда “Бөбек” қорының мұндай мәселеге еш қатысы болмады. Заң бойынша бала асырап алуды әкімдік, білім департаменттері шешеді. Ал шетелдіктің бала асырап алуына Сыртқы істер министрлігі, Үкімет, сот тікелей араласады», – деді ол.

    Сыздықова Сара Алпысқызының бойындағы еңбекқорлығына, қарапайдылығына тәнті екенін атап өтті.

«Бөбек» қоры — миллиондаған игі істің, мыңдаған құтқарылған тағдырдың, риясыз көмектің символы. Бүгінде дәл осындай жанашырлық жетіспей тұрғандай.

Біз кейде кешке дейін жұмыс істейтінбіз. Сондай сәттерде: «Ол кісі елдің Бірінші ханымы бола тұра, тыныш өмір сүріп, рахаттанып жүре бермей ме? Неге осынша еңбек етеді?» деп ойлайтынмын. Оның еңбекқорлығына, тәртіптілігіне, белсенділігіне, немқұрайлы қарамайтын болмысына әрдайым тәнті болатынмын. Тағы бір ерекше қасиеті — үнемі ізденісте жүретін, түсінбегенін сұраудан ұялмайтын, ешқашан өзін өзгеден жоғары қоймайтын. Ең алдымен Адам болып қала білді",- деді Сыздықова.

     Айта кетейік, Бақыт Сыздықова — Қазақстан Республикасының бұрынғы мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері. Ол көп жылдар бойы қоғамдық жұмыс пен жастар саясатына қатысқан – жастар ұйымдарын құруға, түрлі әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуге белсене араласқан.

Қырғызстан парламентіне жаңа спикер сайланды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу