Назарбаев өзін банкрот деп тану туралы кезекті өтінішін берді

Oinet.kz 18-02-2026

 Болат Назарбаевтың ұлы  Нұрбол Назарбаев қайтадан сотқа арыз жазып, өзін банкрот деп тану жөнінде өтініш  берді, деп хабарлады Оіnet.kz  порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

image.png

 Оның мемлекет алдындағы берешегі кемінде 63,7 миллиард теңгені құрайды.

17 ақпанда сот арызды қабылдап, азаматтық іс қозғады. Сот ісін қарауға дайындық барысында Нұрбол Назарбаев 3 наурызда  сағат 15:10-да «әңгімелесуге» шақырылады. Сонымен қатар іс бойынша үшінші тарап ретінде Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаменті тартылған.

Нұрбол Назарбаевтың екі негізгі борышы бар:

Бірінші – 61,85 миллиард теңге, оның 55 миллиардын арнайы қорға төлеу керек;

Екінші – 1,6 миллиард теңге мемлекеттік баж алымы.

Бұған дейін, 2025 жылдың күзінде, Назарбаев алғашқы арызын берген еді.  Бірақ сот оны қараусыз қалдырған болатын.

Айта кетейік, Нұрбол Назарбаев бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс істеген – Алматы облысының ІІД-де орынбасар қызметін атқарған. Кейін кәсіпкерлікке ауысып, Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің қатарында болған.

“75 бай кәсіпкерлер” рейтингінде ол: 2024 жылы 49-шы орында болса, 2025 жылдың мамырында 57-ші орында болған. 

2025 жылы оның байлығы шамамен 179 миллион доллар деп бағаланған.

Қызметкерлер кофе ішіп, бос әңгіме айтып жүрген жоқ: «Бәйтерек» басшысы Тоқаевтың сынына жауап берді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу