Мәулен Әшімбаев вице-президент бола ма?

Oinet.kz 19-02-2026

Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция қабылданған жағдайда вице-президент қызметіне тағайындалуы мүмкін деген болжамдарға пікір білдірді, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген ол мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, вице-президент лауазымы төңірегіндегі әңгімелер конституциялық реформаларды талқылаудан назарды басқа жаққа аудармауы тиіс.

«Бұл сөздердің еш негізі жоқ. Егер референдумда азаматтар жаңа Конституцияны қолдаса, одан кейінгі барлық кадрлық шешімдер жаңа Негізгі заң талаптарына сай қабылданады», – деді Әшімбаев.

Сонымен қатар, ол Сенаттың өкілеттігі тоқтатылған жағдайда да мемлекет мүддесі үшін кез келген бағытта еңбек етуге дайын екенін жеткізді.

Әшімбаевтың айтуынша, басты назар жеке қызметтерге емес, ел үшін маңызды конституциялық өзгерістердің мазмұнына аударылуы керек. Егер референдум қорытындысы оң болып, жаңа Конституция қабылданса, 1 шілдеден бастап Сенаттың қазіргі өкілеттігі тоқтатылып, әрі қарайғы жұмыс жаңа нормаларға сәйкес жүргізіледі.

Шымкенттік екі қоғам белсендісі Қызылорда облысында сотталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу