Трамп Қазақстанды керемет әрі бай ел ретінде сипаттады

Oinet.kz 20-02-2026

Дональд Трамп Газадағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қалпына келтіруге атсалысқаны үшін Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысушыларға шынайы ризашылығын білдірді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, – деп хабарлайды Оinet.кz.  

image.png

АҚШ Президенті Кеңеске қатысушы елдердің басшыларын таныстыру барысында Қазақстанды керемет әрі бай ел ретінде сипаттады. 

Дональд Трамп Саммитке келген мемлекеттер басшыларын шешімтал әрекеттері арқылы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға, халықаралық диалогты дамытуға елеулі үлес қосқан нағыз жаһандық ауқымдағы көшбасшылар деп атады.

Жоғары деңгейдегі іс-шара барысында Бейбітшілік кеңесінің атқарушы органдарының мүшелері баяндама жасады.

Тоқаев Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу