Қазақстан Түркістанды Иран бойынша келіссөз алаңы ретінде ұсынуға дайын
Қазақстан мен Иран сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесіп, өңірлік қауіпсіздік пен екіжақты байланыстардың өзекті мәселелерін талқылады, деп жазады Оinet.kz.

Келіссөз барысында Ермек Көшербаев ирандық әріптесі Аббас Аракчимен Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты. Қазақстан тарапы өңірдегі жағдайға алаңдаушылық білдірді. Сұхбат кезінде қазақстандық министр бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген бастаманы тағы да растады.
Атап айтқанда, Қазақстан Иранға қатысты бейбіт келіссөздерді Түркістан қаласында өткізуге дайын екенін жеткізді. Тараптар сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылап, дипломатиялық диалогты жалғастыруға уағдаласты.


