Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 14-15 мамыр күндері уақытша жабылады

Oinet.kz 12-05-2026

image.png

Халықаралық саммитке байланысты Түркістан қаласындағы бірқатар мәдени нысандардың жұмысына уақытша шектеу енгізіледі.

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінің өтуіне байланысты Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен музей-қорыққа қарасты барлық музейлер 14-15 мамыр күндері келушілер үшін жабық болады.

Әзірет Сұлтан ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы әкімшілігінің мәліметінше, аталған күндері «Тикетон» және «Давай сходим» платформалары арқылы онлайн билет сатып алуға да уақытша шектеу енгізілген.

– Халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараны өткізу барысында енгізілетін уақытша шектеулер мен қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, тарихи жиын қарсаңында қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Осы мақсатта Шымкент қаласы мен Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан патрульдік полиция қызметкерлері арнайы шақыртылған. 

Қазақстан тауарлары әлемнің 127 еліне экспортталады — Олжас Бектенов
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу