Тауық жылы табысты болсын!

Oinet.kz 06-08-2019 884

Rooster04_adjusted.jpg

Мешін жылының тарих қойнауына кетуіне санаулы күндер қалды. 2016 жылға жалпы өкпе жоқ. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын арқа-жарқа атап өттік. Мәжіліс пен мәслихат жаңарды. Үкімет жетекшісі, бірқатар аймақтардың әкімдері, министрлер  ауысты.   Келер жылдан күткен жаңалық көп. 2017 жылы Астанада бірнеше жылдан бері асыға күтіп жүрген, қызу дайындалған «ЭКСПО» көрмесі өтеді. 10 маусым мен 10 қыркүйектен аралығында өтетін бүкіләлемдік көрмеге алдын ала есеп бойынша жұмыр жердің 100-ден астам елі қатысады, 3 миллионға жуық турист келеді деп жоспарлап отырмыз. Енді бір айдан кейін Алматыда Бүкіләлемдік қысқы универсиада ойындарының алауы жағылады. Жалпы келер жылы той көбейейін деп тұр. Тойымыз тарқамасын деп тілейік. Жаңа жылдан бастап үкімет зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемін өсіреді. Яғни, елдің әл-ауқаты да жаман болмас деп ойлаймыз.  

Шығыс күнтізбесі бойынша табылдырықтан аттағалы тұрған жыл-тауық. «Тауық жылы табысты болсын» деген сөз көп айтылады. Тауық тынымсыз тіршіліктің иесі. Таң атпай жұрттан бұрын тұрады,  түртініктеп, әр жерді шұқылап жүріп несібесін теріп жейді. Тауық сонымен бірге тәртіпті жақсы көреді. Белгілі бір уақытта жатады, бір уақытта тұрады. Осы тәртібінен айнымайды. Күнкөрістің өзі қиындап бара жатқан мына заманда бізге осындай қасиеттер қажет сияқты. Тауық жылы Сізге тек табыс әкелсін!

Жаңа 2017 жылда жолыққанша, мәртебелі оқырман! 

Мұрағаттан, 2016 ж

Президент: «Азаматтық қоғам өз пікірлерін ашық айта бастады»
2016. Қосылғыштардың орны ауысқанымен қосынды өзгермеген жыл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу