Дүтбаев Әблязовқа көмектеспек болған ба?

Oinet.kz 06-08-2019 772

08ebc73d8680f4e8f75a25b597f.jpg

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың тұтқындалуына байланысты сарапшылар түрлі пікір айтуда.  «Мемлекеттік құпияны жариялады» деген айып тағылуына қарап,   «Саяси жауырыншылардың» алғаш аузынан шыққан болжамы - бұл іс Мұхтар Әблязовпен байланысты болуы мүмкін. Саясаттанушылардың тағы бір тобы мұны Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілеріне жасалған қастандықпен байланыстырады. Тіпті «ҰҚК төрағасы Мәсімовтің белсенділігі» деп бағалайтындар да жоқ емес. Қалай болғанда да, анығы мынау: Дүтбаев «біреудің» құпиясын «әлдекімге» айтып қойған, «әлдекім» оны «біреуге» жеткізген.  Мәселен, «Нартай Дүтбаев пен Әділбек Жақсыбековтің әңгімесі» деген жазба Ютубта тұр. Мұнда президент әкімшілігінің жетекшісі Ә.Жақсыбеков «Өзіңе тапсырылған адамды неге қадағаламайсың?!» деп Н.Дүтбаевты әбден сілкілейді. Әңгіме оппозицияның бүгінгі жетекшісіне қатысты өрбиді. Бұл жазбаны «шын болған» ден ант-су ішпейміз. Сөйте тұра, бұдан да бір қорытынды жасауға әбден болатынын ескертеміз.

Саясаттанушы Аркадий Дубнов Дүтбаевты  тұтқындау  билік транзитіне қатысы жоқ іс деп есептейді. «Ол тек ҰҚК төрағасы ғана болған жоқ, бір кездері «Барлау» қызметін де басқарған. Яғни, Назарбаевқа айтарлықтай жақын адам. Соған қарағанда, оның тұтқындалуына Мәсімов басқаратын ҰҚК тарапынан тағылған күрделі айыптаулар себеп болған.  Әлбетте, премьерлік қызметтен ҰҚК-ға ауысқан Мәсімовтың жоғары шенді лауазым иелеріне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуге құзыреті жетеді» деп есептейді.  Ал саясаттанушы Данияр Әшімбаев «Дүтбаевтың тұтқындалуы – оның ҰҚК басшылығында атқарған жұмысына байланысты болуы мүмкін» деп те топшылайды. 

Кейбір деректерге сенсек, қазір Дүтбаевтың жұбайы шетелде жүр. Ал оның үлкен қызы Салтанат Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы болып жұмыс істейді. Алайда, бірер апта бұрын мерзімсіз демалысқа шығып кеткені белгілі болды. Оның бұл жұмыс орнына қайта оралуының өзі күдікті болып тұр. 

Мұрағаттан, 2017 ж

Бишімбаевқа кім тапсырыс берді?
Күйзеліс және одан арылу жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу