Күйзеліс және одан арылу жолдары

Oinet.kz 06-09-2019 4499

za-oshibki-nado-platit.jpg

       Қым-қуыт тіршілікте жұмыр басты пенде белгілі бір кезеңде психологиялық күйзелісті бастан кешіретіні аян. «Дәл қазір күйзелісте жүрмін» деген сөзді  он адамның тоғызы жиі айтатын болды. Бұрын-соңды мұндай сөзді құлағымыз естімейтін  еді. Ал қазір екінің бірі күйзелістік жағдайға душар болғандар. Стресс – (күйзеліс) адамның мазасыздығынан туындайтын көбіне өзі бейімделмеген жұмыстардың шамадан тыс болуына байланысты бейімделген психикамен организмнің  өзгерістерге  ұшырауына әкелетін процесс ретінде саналады. Психолог-мамандардың айтуынша, әсіресе, күз, көктем мезгілдерінде адамдар күйзелістік күйге тап болады. Бір қызығы, әлемде әрбір жиырмасыншы адам қандай да бір депрессиялық күйзелісті бастан кешіреді екен. Әйел адамдар ер адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді екен. Психологтардың зерттеуі бойынша, әйелдер әңгімеге жақын, жылауға дайын тұрады. Сол арқылы іштегі барлық жағымсыз эмоция, энергияларын көз жасы арқылы, сырын бөлісу арқылы сыртқа шығарып отырады. Ал ер адамдар барлығын ішке сақтайды, олар жыламайды не әйелдер сияқты өсек әңгімеге жақын емес. Бұдан шығатын қорытынды: ер адамдарға айтар кеңесіміз, арасында жылап алғандарыңыз дұрыс . Егер мәселе уақытында шешілмесе ол – күйзеліске ұшырайды, күйзеліс уақытында шешілмесе, оның арты депрессияға ұшырайды, депрессия – неврозға, невроз – соматикалық ауруларға ұшыратады. Сондықтан күйзелістің алдын алу үшін, мәселені уақытында шешкен дұрыс.
      Жұмыстан жалығып, шаршап қалсаңыз, 5 минутта күйзелістен арылудың 5 жолымен таныс болыңыздар.

1. Серуендеп келіңіз. Мүмкіндік болса, таза ауаға шығып, серуендеп келіңіз. Жұмыс уақытында кеңсеңізден шығуға болмаса, кеңсенің ішін аралап қайтыңыз. Басқа қабаттағы әріптесіңізге, бұрыштағы ешкім отырмайтын бөлмелерге соғып келіңіз. Бастысы орныңыздан тұрып, компьютерден бірнеше минутқа болса да демалыңыз. Осы уақытта ойыңыз жинақталып, жұмысқа жаңа қарқынмен кірісе аласыз.

2. Кітап оқыңыз. Кітап оқу - көңілді басқа нәрсеге аударып, сәтсіздіктерді ұмытудың бірден-бір жолы. Ертегі, шытырман оқиғаға толы әңгімелер осы жағдайға дәл келеді. Бастысы кітап оқу арқылы ойыңыз басқа жерге ауысып, қиындықтарыңыз алыс жерде қалуы керек. 5 минуттық кітап терапиясынан кейін өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінесіз.

3. Қызықты бейнебаян қараңыз. Жұмыстан 5 минутқа демалып, ғаламтордан қызықты, күлкілі бейнебаян тауып қараңыз. Күйзеліс осындай дауадан кейін өзімен-өзі жоғалып кетпек. 

4. Шай ішіңіз. Кофе емес, шай! Кеңсеңізде емдік шөпті шай болса, тіптен жақсы. Шай қайнатқанша, сергітіп, тыныштандыратын дәрілік шайдың әсерінен де біраз демалып қаласыз.

5. Терең демалыңыз. Қиындық жайлы ойланып, уайымдап отырғанда, тынысыңыз жиілеп, ағзаңызға ауа жетіспейді. Сол себепті тынысыңызды дұрыстауға тырысыңыз. Кеудемен емес, ішпен дем алып көріңіз. Дәрігерлердің айтуынша, осындай тыныс жаттығулары кез келген ауруды тез арада басып, ағзаның жұмысын жақсартады.

       Қорыта айтқанда, күйзеліс – жаңа белестерге жетуге шабыттандыратын әдістердің бірі. Алайда, өкінішке орай, жаман әдеттерге оралуға итермелейтін де күйзеліс. Сондықтан, кейде өмірдегі өзгерістерге, жаман не жақсы болсын, салқынқанды қарауға тырысу керек.

Дилафруз Эрметова,

Түркістан  медицина колледжінің психология және

коммуникация негіздері пәні оқытушысы,  магистр,

2017 ж

Дүтбаев Әблязовқа көмектеспек болған ба?
Бекболат Тілеухан: «Халықты тізерлету деген адамның ақылына сыятын нәрсе емес»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу