Мұғалімдердің зейнет жасы төмендетілмейтін болды

Oinet.kz 19-09-2019 2137

Картинки по запросу асхат аймагамбетов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Парламент Мәжілісінде «Ұстаздың мәртебесі туралы» заң жобасы аясында қазіргі таңда жиі көтеріліп жүрген мәселелер туралы сөз қозғады. Министрдің айтуынша, мұғалімдерде зейнет жасы төмендетілмейді. Себебі мемлекеттік бюджетке ауыртпалық түседі екен, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жекелеген нормаларға назарларыңызды бұрсам деймін. Бұл қоғамда жиі көтеріліп жүрген мәселелер, атап айтқанда, еңбек өтілі шырқау шегіне жеткен, яғни 30 жылдық еңбек өтілі бар адамды мерзімінен бұрын зейнетке шығару, денсаулықты қолдауға бөлінетін жәрдемақыны екі есеге арттыру, мұғалімдерге арналған жеңілдетілген ипотекалық несие, доцент пен профессор атағы барларға үстемеақы қосу, педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысын ұлғайту сынды ұсыныстар тиісті құзырлы органдар тарапынан бюджетке шамадан тыс ауыртпалық түсіреді деген себеппен қолдау таппады, - деді Білім және ғылым министрі.

Асхат Аймағамбетов қазір зейнетке ерте шығамын деген мұғалімдерге ғана емес, бүкіл қазақстандыққа ондай мүмкіндік берілгенін баса атап өтті.

- Зейнетақы жайына келетін болсақ. Бүгінде біздің қолданыстағы зейнетақы жүйесі мерзімінен бұрын зейнетке шығуға мүмкіндік беретінін жақсы білесіз. Егер Сіз айтқандай қарастырсақ, мысалы біреу 20 жылдан кейін, тағы біреуі 35 жылдан кейін зейнетақыға шығамын десе, барлығына мүмкіндік беру дегеннің нормалары заңда қарастырылмаған, - деді министр.

Мемлекет басшысы «оралман» сөзінен бас тартуды ұсынды
Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар митингке шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу