Қалай сұлу көрінуге болады?

Oinet.kz 26-02-2019 1169

941-1476223863-4869fb7c4e.jpg

Сұлулық күтімді қажет етеді. Әрдайым әдемі болу үшін күтімге қоса шағын «қулықтар» да қыздардың жадында жүруі керек. Ендеше, қыздар, естеріңізге сақтап алыңыздар!

-Құрғақ сусабынның (шампунь) орнына крахмалды қолдануға болады.

-Жаңа туфли кигенде табаныңыз ойылып кетпеуі үшін дезодорант немесе опа жағып қоюға болады.

-Кірпігіңізді көтерер алдында кірпік көтеруге арналған қысқышты фенмен аздап қыздырып алу керек. Сонда кірпік қайырылған күйін ұзақ сақтайды.

-Тырнақ боямастан бұрын көбесіне вазелин жағып қойыңыз. Жағылған тырнақ бояуын сүртіп тастау оңай болады.

-Сүйікті иіссуыңыздың хош иісі ұзақ сақталуы үшін білегіңізге аздап вазелиннен жағып, содан кейін ғана иіссудан себіңіз.

Дереккөз : anabol.kz

Картоп қуырудың құпиялары мен сырлары
ТЕСТ: Есте сақтау қабілетіңіз қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу